Балабақша туралы мәлімет » «Солнышко (Күншуақ)» бөбекжай балабақшасы»
«Солнышко (Күншуақ)» бөбекжай балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:160940003513
Қабылдау бөлімі:
+7(702) 763-45-15
"Әдіскер:
+7(775) 446-06-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
маусым
2026

Балабақша туралы мәлімет

Бақша ғимараты екі қабатты. Балабақша қуаттылығы 250 орындық, балабақша 2016 жылы ашылып, жаңа ғимаратқа 2019 жылы көштік, қазіргі таңда 250 баламен, 11 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік орыс тілінде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен , турникетпен  жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. 

Бақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Өз қызметінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Кодекстеріне, ҚР Заңдарына, Үкімет қаулыларына, Құрылтайшының шешімдеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сүйеніп отырады.
Кәсіпорынның міндеттері:Мектепке дейінгі жастағы
балалардың дене және психологиялық денсаулықтарын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу.  Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту,  бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту. Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау; Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен балабақша арасында тығыз қарым-қатынасты нығайту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастырылуын жүзеге асыру.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив